Алматы облысында сел жүрді

24 Ақпан 2024, 06:16
14904
Бөлісу:
Алматы облысында сел жүрді
Фото: видеодан кадр

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең өзенінде мұзды су тасқыны жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖД таратқан мәліметке сәйкес, өзендегі су шығыны секундына 10 текше метрді құраған.

Қарасай ауданының Қаскелең қаласында «Қаскелең» өзенінің арнасы бойынша «Жерана» Орталық базарынан төмен және Абылай хан көшесіндегі көпір өткелі аймағында мұзды су тасқыны (шугоход) өтті. Арна бойынша шугоход кезінде су шығыны шамамен секундына 10 текше метрді құрады (сыни деңгей 30 текше метр/сек құрайды), судың бұлыңғырлығы 2 баллды құрады. Зардап шеккендер жоқ, су тасқыны және өзен арнасынан су тасқыны асқан жоқ. Шугоход өткеннен кейін сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өзендегі су шығыны 2,5 текше метр/сек құрады, судың бұлыңғырлығы - 0 балл. Өзен арқылы су жіберу штаттық режимде өтеді. «Қазселденқорғау» ММ гидропостомымен тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Жағдай тұрақты, - делінген ведомство хабарламасында.

Алматы облысы ТЖД 2 қызметкері мен 1 техника бірлігі, «Қазселденқорғау» ММ 1 қызметкері мен 1 техника бірлігі оқиға орнына барды.

Өзгелердің жаңалығы