Кеше кешке ТЖМ-ға Кеген ауданы Бөлексаз ауылынан 1974 жылы туған ер адам мал іздеу үшін атпен тауға қарай шығып, жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іздестіру жұмыстары ұшақсыз ұшу аппаратын қолдану арқылы жүргізілді, сондай-ақ ТЖМ жедел-құтқару жасағының кинологиялық жасағы жұмылдырылды.
Бүгін таңертең іздестіру тобы жоғалған адамды таулы жердегі Бөлексаз ауылынан 8 шақырым жерде тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады.
Оқи отырыңыз: