Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында қоймадан өрт шықты

Кеше, 23:57
104
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Алматы облысының Іле ауданында, Н. Тлендиев ауылы маңында ангар типті қоймалық ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 60 қызметкері мен 20 арнайы техникасы жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекеті арқасында 3 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылып, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Жалын 2000 шаршы метр аумақта сөндіріліп, ғимараттың қалған 2200 шаршы метрі сақталып қалды. Өрттің шығуына пластикалық ыдыстар мен жоғары температура әсер еткен.

Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы