Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында қайтарылған заңсыз активтер есебінен 7 мектеп салынды

Нұрқанат Атажан
27 Маусым 2025, 16:55
1545
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің заңсыз шығарылған активтерді қайтаруы Алматы облысындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуде, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.

“Бұл жұмыс Мемлекет Басшысының «follow the money» қағидаты бойынша берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатыр және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясының маңызды бөлігі. Заңсыз иеленген активтер – бұл қоғамнан ұрланған ұлттық байлық. Оларды қайтару арқылы мемлекет әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік алады. Бұл халықтың мемлекетке деген сенімін күшейтіп, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрестің нақты нәтижесін көрсетіп, қайтарылған барлық мүлік пен қаржы тек мемлекет мүддесіне жұмсалады”, – деді Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытка дейін Агенттік мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 трлн 152 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақша қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті. Оның ішінде 329,4 млрд теңге қаражат тікелей бюджетке өтелді.

Алматы облысында қайтарылған заңсыз активтер есебінен 7 мектеп салынды

Сонымен қатар аталған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнайы шотына 153,3 млрд теңге аударылды.

Қор есебінен 9,8 млрд теңге Алматы облысындағы 7 жалпы білім беретін мектептердің құрылысына бөлінді. Іле ауданында үш мектеп, Қарасай ауданында екі мектеп, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында бір мектептен салынды.

Алматы облысында қайтарылған заңсыз активтер есебінен 7 мектеп салынды

Бөлінген қаражат мақсатты жұмсалуды бақылаудың белгіленген тәртібін қатаң сақтай отырып, толық көлемде игерілді. Оқу орындарының құрылысы 2023-2024 жылдары аяқталған. Қазіргі уақытта 9600 оқу орнына есептелген мектептер пайдалануға беріліп, қажетті жабдықтармен, кадрлық құраммен және оқу процесін ұйымдастыруға заманауижағдайлармен жарақтандырылды.

Алматы облысында қайтарылған заңсыз активтер есебінен 7 мектеп салынды

Бұл жобаны іске асыру аталған аудандарда үш ауысымдық оқыту режимін жоюға, жергілікті тұрғындар үшін білім берудің қолжетімділігін едәуір арттыруға және қолданыстағы білім беру мекемелеріне жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы