Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

Бөлісу:
Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: gov.kz

Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар аймақ анықталған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматы облысының тауларында 6-9 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады.

 Департамент азаматтардан, туристерден қар көшкіні болуы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Алматы облысының құтқарушылары жұқа мұзда адамдардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу мақсатында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жұқа мұзға шықпауды өтінеді.

Өзгелердің жаңалығы