Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
ТЖД тұрғындар мен қонақтарға қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Алматы облысында 2-5 желтоқсан аралығында көшкін жүру қаупі бар. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура деңгейінің жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады,- деді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Айгерім Қанабекқызы.
Оқи отырыңыз: