Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 50-борт патрульдік экипажы қызметкерлері жол бойынан 4 жасар баланы тауып, ата-анасына табыстап, алғысқа бөленді, деп хабарлады Polisia.kz.
Патрульдік полиция бастальоны қызметкерлері Бекзат Тұрсынәлі мен Мақсат Омаров қызмет ету барысында Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 117 шақырымында жол бойында жалғыз жүрген 4 жасар бүлдіршінді байқап, оның ата-анасын жедел түрде тауып, әкесіне дін аман табыстады.
Бүлдіршіннің ойнап жүріп, жол бойына шығып, адасып кеткендігі белгілі болды. Тәртіп сақшылары баланың ата-анасымен профилактикалық жұмыстарды жүргізді. Өз кезегінде баласымен қауышқан әке бейнежазба арқылы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.