Алматы облысында пластик өндіретін цехтан өрт шықты

Өрт толықтай сөндірілді.

 Скриншот 19 Ақпан 2026, 22:53
19 Ақпан 2026, 22:53
1007
Фото: Скриншот

Алматы облысының Қарасай ауданы, Бұлақты ауылында пластик өндіретін цехтан өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары шақыру дәрежесі бойынша оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген сәтте ғимарат ішін қою түтін басып, ашық жану байқалған. Өрт туралы хабардың кеш түсуі және пластик өнімдерінің тез тұтануы сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның таралуына жол берілмей, кәсіпкердің мүлкі сақталып қалды. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Шетелдік қызметкер құтқарушыларға алғыс білдірді.

Наверх