Алматы облысында өзеннен 4 жасар баланың денесі табылды

4 Маусым 2022, 04:35
1784
Бөлісу:
Алматы облысында өзеннен 4 жасар баланың денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Текелі қаласында өзеннен баланың мәйіті табылды.

2 мамыр күні кешкі сағат 18:51 шамасында төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне өзенде баланың мәйіті қалқып жүргені жөнінде хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қора өзенінен 2018 жылғы баланың мүрдесін алып шықты,- делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кеше Ақтауда шомылу аймағында бір жасөспірімнің суға батып кеткенін жазғанбыз

Төтенше жағдайлардағы құтқарушы мамандар да балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертуде. 

Өзгелердің жаңалығы