Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртке байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. БҰл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" ҰК мәліметінше, 2025 жылғы 19 маусым күні сағат 20:30 шамасында Алматы облысында Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 29-38 шақырым аралығында (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Шектеу енгізуге себеп – жол маңындағы қоқыс полигонында орын алған өрт. Қалың түтін салдарынан жолдағы көріну мүмкіндігі шектеліп, қозғалысқа қауіп төнген.
Қазіргі мәлімет бойынша, жолды 19 маусым күні сағат 23:00-де қайта ашу жоспарлануда.
Жол ресми түрде ашылғанға дейін бұл бағытта сапарға шықпау ұсынылады.