Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 желтоқсанда сағат 05.40-та Алматы облысының ТЖД-ға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жеткен кезде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысы толықтай отқа оранған. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Өрт сағат 06:09- да ауыздықталып, сағат 06:45-те сөндірілді. Өрттің көлемі 40 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.