Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады: екі адам қаза тапты

Нұрқанат Атажан
12 Қыркүйек 2025, 14:09
1099
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы облысында оқушыларды алып келе жатқан автобус жеңіл автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы “Сокол” саяжай қоғамы аумағында оқушыларды тасымалдап бара жатқан жолаушылар автобусы мен Hyundai Accent автокөлігінің қатысуымен болған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Алдын ала деректер бойынша, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде жол бермей, автобуспен соқтығысқан, – деп хабарлады Алматы облыстық ПД.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасын тергеу Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Еске салайық, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қайтыс болды

Өзгелердің жаңалығы