Алматы облысында оқушыдан коронавирус анықталды

1 Мамыр 2020, 16:41
1965
Бөлісу:
Алматы облысында оқушыдан коронавирус анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының Жамбыл ауданында, Жаркент қаласы мен Сарыөзек кентінде Covid-19 инфекциясының 3 жағдайы тіркелді. 

Алматы облысы әкімдігі таратқан мәліметте Жамбыл ауданының 3-сынып оқушысы Алматы қаласындағы науқастардың бірімен байланыста болғаны айтылды.

Ал, кербұлақтық 2003 жылы туған жасөспірім бұған дейін осы ауданда сырқаттанған туысымен тікелей байланыста болған. 

1989 жылы туған жаркенттік азамат дене қызуы 37.3 С көтеріліп, медициналық көмекке жүгінген. Одан вирусологиялық анализ алу барысында оның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Қазір олар тиісті ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

Науқастармен 39 адам байланыста болған, олардың барлығы карантинге алынды.

Өзгелердің жаңалығы