Алматы облысында өмірге келген үшем перзентханадан шықты

11 Ақпан 2022, 22:07
1571
Бөлісу:
Алматы облысында өмірге келген үшем перзентханадан шықты
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы көпсалалы клиникалық ауруханада  дүниеге келген үшемдер үйіне шықты.

Аталған перзентханада 26 қаңтар күні Панфилов ауданының тұрғыны 29 жастағы Гунчигул Мухамет екі қыз және бір ұл баланы дүниеге әкелген болатын. Екі қыз бала 2145 гр және 1470 гр салмақпен туған. Ал ұл бала 2050 грамм салмақта дүниеге келген. Алматы көпсалалы клиникалық аурухананың директоры Эльмира Ахметова үшемдерді анасы жүктіліктің 34-ші аптасында босанғанын айтты.

Балалар кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Перзентханада екі апта бойы бақылауда ұстадық. Үшемдер Тайиповтар отбасының тұңғыштары. Қазір үшемдердің  де, анасының да жағдайы бірқалыпты, - деді аурухананың бас дәрігері Эльмира Ақылбекқызы.

Панфилов  аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Марат Абдигалимов  үшемдерге қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты.

Алматы облысында өмірге келген үшем перзентханадан шықты

Үшемдердің күтіміне орта медицина қызметкерлері көмек көрсетеді. Учаскелік дәрігер балалардың денсаулығын бақылауда ұстайды. Сонымен қатар үшемдерді балаларға арналған тамақпен қамтамасыз ететін боламыз,- деді бас дәрігер.

Айта кетейік, Алматы облысында 2021 жылы 355 егіз бала 2 үшем дүниеге келген болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы