Алматы облысында монша өртенді

23 қарашада таңертең Алматы облысы Іле ауданындағы Жапек ауылында монша кешені отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 Қараша 2024 2024, 12:40
 ТЖМ баспасөз қызметі 23 Қараша 2024 2024, 12:40
23 Қараша 2024 2024, 12:40
700
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

23 қарашада таңертең Алматы облысы Іле ауданындағы Жапек ауылында монша кешені отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт туралы кезекшінің жедел байланыс желісіне қоңырау келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер моншаның екінші қабатындағы бу бөлмесі мен төбенің жанып жатқанын анықтады.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қызыл жалын тараған аудан көлемі - 45 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ.

 

Наверх