Алматы облысында мал ұрлайтын бірнеше топ ұсталды

11 Қаңтар 2019, 16:03
5015
Бөлісу:
Алматы облысында мал ұрлайтын бірнеше топ ұсталды

Астана, baq.kz. Алматы облысының аумағында 3 қылмыстық топтың жолы кесілді, 9 мал ұрлығы ашылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Kриминалдық полиция қызметкерлері 5 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Бұл қылмыстық топ Кеген ауданының аумағында үш мал ұрлығын жасап, 88 бас жылқы ұрлаған.

Сол күні Іле ауданында бірнеше рет ұсақ мал ұрлауға қатысқан 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Бұлар осы уақытқа дейін барлығы 240 бас қой ұрлаған.

6 қаңтарда Жамбыл ауданының 4 тұрғынынан құралған қылмыстық топ ұсталды, олар 27 бас жылқы ұрлаған.

Қазіргі уақытта ұрланған малды іздеу және заңды иелеріне қайтару бойынша шаралар қабылдануда. Бүгінгі күні 12 жылқы және 51 ұсақ мал басы табылды және қайтарылды.

Ұсталғандардың басқа ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 



Өзгелердің жаңалығы