Алматы, BAQ.KZ. Қаратал ауданында жоғары сапалы кремний өндірісі іске қосылды. Зауыттың ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпараттық алаңы хабарлады.
«KazSilicon» металлургиялық комбинатын қайта жаңғырту үшін 4 миллиард теңге жұмсалған. Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, қажет жабдықтар мен пештер жөнделген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еліміздің ілгерілеуі өңірлердің өркендеуіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Бұл мәселеде ол 2019 жылғы Жолдауында егжей-тегжейлі тоқталды. "Қуатты өңірлер – қуатты ел" қағидасы өзгеріссіз қалады. "KazSilicon" сияқты өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру өңірлердің дамуына зор мән береді. Кәсіпорынның экспорттық бағыты әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, - деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
Айта кету керек, аталмыш зауыт 200-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етпек.