Алматы облысында кондуктор автобустан құлап, көз жұмды

19 Қыркүйек 2024, 15:05
5345
Бөлісу:
Алматы облысында кондуктор автобустан құлап, көз жұмды
Фото: BAQ.KZ -архив

Оқиға Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін қоғамдық көліктің бірінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Бұл факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін маршруттық автобустың кондукторы салоннан құлап қалғаны анықталды. Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды, - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Еске салсақ, 18 қыркүйек күні Алматыда Бостандық ауданындағы Тимирязев көшесінде зейнеткерді автобус қағып кеткен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Өзгелердің жаңалығы