Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Жобаның жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрайды.

 freepik 31 Тамыз 2025 2025, 22:54
31 Тамыз 2025 2025, 22:54
852
Фото: freepik

Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдеуге арналған заманауи зауыттың құрылысы басталды. Жобаны қазақстандық «Qazaq Global Food JV» ЖШС іске асыруда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Инвестициялық жоба аясында Түркияның жетекші өңдеу кәсіпорындарының бірі – Göknur Gıda компаниясымен Off-take келісімшарты жасалды. Түрік серіктесі алма шырыны концентратын және басқа да өнімдерді экспорттау бойынша стратегиялық оператор міндетін атқарады. Бұл келісім қазақстандық өнімнің шетелдік нарықтарға шығуына және өткізу арналарының тұрақтылығына жол ашады.

Жаңа өндіріс орны ішкі нарықта жоғары қосылған құнға ие өнім өндіруге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Жобаның жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрайды.

Наверх