Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш жылдан бері қашып жүрген қылмыскерді ұстады.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы 2016 жылдың тамыз айында Талдықорған қаласында екі адамды өлтірген. Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстауға Алматы облысы және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп күш салған.Талдықорған қалалық сотының тергеу судьясы 2016 жылдың 11 қазанда ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша күзетпен ұстау түріндегі қаулыны санкциялаған.
Қауіпті қылмыскерді іздеу үш жылдан астам уақыт бойы жүргізілген, себебі іздеу салынған азаматтың тұрғылықты жері мен жұмыс орнын бірнеше рет ауыстыруы салдарынан күдіктінің тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған және ол есепке қоюдан жалтарған. Екі облыстың жедел уәкілдерінің бірлескен еңбегінің арқасында аса ауыр қылмысқа күдікті шетел азаматы сот алдында жауапқа тартылады, - делінген хабарламада.