Алматы облысында қатты боран салдарынан жол жабылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында қатты боран салдарынан&nbsp;жол жабылды,&nbsp;деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.</h4>

 4 Қаңтар 2021 2021, 13:28
4 Қаңтар 2021 2021, 13:28
2589

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында қатты боран салдарынан жол жабылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтожолдың» Алматы облысындағы филиалдарының 2021 жылдың 4 қаңтарында сағат 10.30-да берген хабарламасына сәйкес, қатты боран болып, жолда ештеңе көрінбеуіне байланысты Үшарал-Достық (Көктума ауылы - Достық станциясы, 84-184-шақырым) республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген, - делінген ТЖД хабарламасында.

Бұдан бөлек, Алматы облысы ТЖД азаматтарға ұзақ жолға шықпауды сұрайды. Қандай да бір жағдай болса, 112 нөміріне қоңырау шала алады.


Наверх