Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Іле ауданында картингте 10 жастағы бала қаза болды.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, бала картингті басқарып келе жатып, пластмассадан жасалған қоршау блоктарын бұзып өтіп, сол жерде тұрған ГАЗ-53 су тасығышымен соқтығысқан.
Куәгерлердің айтуынша, картинг әйел басқарған басқа картингтің соққысынан инерция арқылы қоршаудан шығып кеткен, – деді полицейлер.
Оқиға орнында Іле аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.