Алматы облысында газға қосылу құны реттеледі

25 Ақпан 2022, 09:05
1044
Бөлісу:
Алматы облысында газға қосылу құны реттеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында табиғи газға қосылу құны реттеледі. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен брифинг кезінде тілшінің сауалына берген жауабында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматы облысында газдандыру тек бюджет қаражатына ғана емес, жекелеген аудандарда инвестиция тарту арқылы да жүргізіліп келеді. Бірақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшылығы мен мамандарының бақылауының осалдығынан кейбір компаниялар газға қосу құнын көтеріп жіберген. Осы баға мәселесіне қатысты бізге халықтан көп шағым түседі. Бірінші кезекте «ЖетісуОблГаз» мекемесіне жаңа басшы тағайындадым. Тәжірибесі бар маман. Қазір ол барлық ауданды аралап, жағдаймен таныса бастады. Біз газға қосудың өзіндік құнын есептейміз. Сосын әкімдік тарапынан бағаға қатысты тиісті ұсыным беретін боламыз. Әйтпесе газға қосудың құны 500-700 мың тг дейін баратын жағдайларды да естіп жүрміз. Алдағы екі айда бұл жұмысты реттейміз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағынан да барлық норамалар мен талаптарды сақталуы керек, - деді Қанат Бозымбаев.

Өзгелердің жаңалығы