Алматы облысында есірткі курьері 16 жылға сотталды

Бүгiн, 10:00
138
Бөлісу:
Алматы облысында  есірткі курьері 16 жылға сотталды
VIDEO
Фото: Скрин

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салсақ, Алматы облысы Іле ауданының "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі келіп түскен.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің "Telegram" мессенджерін пайдаланып, Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені белгілі болды.

Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді.

Сонымен қатар, 77,1 кг есірткі құралдар, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 "Тропикамид" көз тамшылары тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігі есірткі контрабандасы қатаң қылмыстық жауапкершілікті көздейтін ауыр қылмыс екенін еске салады.

Егер сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы