Алматы облысында ер адамнан 3 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

20 Қазан 2023, 18:22
570
Бөлісу:
Алматы облысында ер адамнан 3 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Алматы облысының полицейлері шамамен сегіз мың бір реттік доза болатын синтетикалық есірткіні заңсыз айналымнан алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 қазан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ КПБ-мен бірлесіп, Бәйтерек ауылынан 45 жастағы ер адамды ұстады . Оның үйін тінту барысында ішінде ұнтақ тәрізді ерекше иісті заты бар 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат қарапайым адамдар арасында “жылдамдық” деп аталатын Альфа PVP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ал жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады.

Айта кету керек, арнайы іс-шара барысында полицияға белгісіз ер адамның есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

Аталған дерек ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полициясында тіркелді. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы