Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында ер адам қарт әкесін сабап өлтірген

10 Желтоқсан 2024, 14:16
1063
Бөлісу:

Қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, әкесі мен баласының арасында жанжал туындаған. Жанжалда 34 жастағы ер адам әкесін соққыға жыққан. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

 Полицейлер әкесіне дене жарақатын келтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Тергеу басталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қосымша мәліметтер жария етуге жатпайды,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайделдин.

Өзгелердің жаңалығы