Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында ер адам азаматтық некедегі жұбайын өлтірді

Кеше, 22:25
213
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Алматы облысы Талғар ауданының Рысқұлов ауылында 45 жастағы ер адам азаматтық некедеі жұбайын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 14 қаңтарда болған. Күдікті сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, отбасылық жанжал кезінде ер адам әйеліне екі рет пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен әйел ауыр жарақаттарынан бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Оның денесін пышақ жарақаттарымен туыстары тапқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні дереу ұстады. Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заң талаптарына сай процессуалдық шешім қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы