Жылу энергиясын есепке алалтын құралы жоқ тұтынушыларға 16,2 млн. теңге қайтарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Барлық Әдепханұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты.
Талдау қорытындысымен 20 субъектіге 30 қызмет бойынша уақытша өтемдік тарифтер бекітіліп, қолданыстағы тарифтер 0,13 пайыздан 62 пайызға дейін төмендетіліп, тұтынушыларға 194 млн. теңге қаржы қайтарылған. 2023-2024 жылдарында жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша жылу энергиясын есепке алу аспабы жоқ тұтынушыларға 16,2 млн. теңге қайтарылды, - деді Барлық Әдемханұлы.
Тариф бағасы тым құбылмалы. Мәселен, 2024 жыл ішінде “АлматыЭнергоСбыт” ЖШС электр энергиясының бағасы 1 наурыз бен 15 қазанында екі рет өзгерді. Бүгінгі күні халық электр жарығы үшін кВт/сағатына 30,90 теңге төлейді.
“Тарифті инвестицияға айырбастау”бағдарламасы электр, жылу, су және сарқынды суды бұру желілерін жаңғырту үшін инвестициялар тартуды, табғи монополиялар саласындағы қызметкерлердің жалақысын ұлғайтуды көздейді. Мұндай шаралар желілердің тозуын азайтуға және тұтынушыларға көрсетілетін реттелетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді спикер.
Жыл басынан бері сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне бойынша инвестицияларға айырбастау тарифі бағдарламасы бойынша – 50,51 млн. теңге, жылумен жабдықтау қызметі бойынша - 114 млн. теңге, элетроэнергияны тасымалдау бойынша – 38,553 млн. теңге игерілген.
Бағдарлама аясында 2,165 км жылумен жабдықтау желілері жөнделді.
Талғар ауданында 53 қазандық салынбақ, бүгінгі күні құжаттары дайын тұр. Жоба толық іске асса, 110 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтылады. Сонымен қатар, аудандарда 10 қосалқы станция салу көзделген. Ол салынған бойда жарық үздіксіз беріліп, халық электр энергиясынан тарықпайтын болады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 100 млрд. теңгеге жетіп жығылады,- деді Барлық Әдемханұлы.