Алматы облысында экскаватор жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватордың жолдан өзенге аударылуына жол берді, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегуші медициналық көмекке мұқтаж емес.
Төтенше жағдай орын алған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.