Алматы облысында екі қызын зорлап келген әке 25 жылға сотталды

25 Шілде 2024, 15:25
865
Бөлісу:
Алматы облысында екі қызын зорлап келген әке 25 жылға сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сотталушы 2010 жылдан 2023 жылға дейін кәмелетке толмаған қыздарына зорлық-зомбылық жасаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ер адам соңына дейін өз кінәсін мойындамады. Бірақ оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше жыл бойы екі қызына зорлық жасап келген ер адамға үкім шығарды. Іс жабық сот отырысында қаралды.

Прокурор күдіктіні Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі, 124-бабы, 120-бабының 3-1-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танып, 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Сот үкімімен азамат Ц. жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлады Алматы облысы соты.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы