Алматы облысында екі адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға 23 маусым кешке Отар – Алматы-1 учаскесінде болған. Екі адам кенеттен теміржолға шығып кетіп, пойыздың астына түскен.
Ақсеңгір-Буралдай аралығында екі адам белгіленбеген жерде қозғалып келе жатқан пойыздың алдына кенеттен шығып, екінші жағына өтпек болған. Машинист белгі беріп, ескерткен. Бірақ адамдар оған мән бермеген. Арақашықтық тым жақын болғандықтан, пойыздың шұғыл тоқтауына мүмкіндік болмаған. Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, - деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.
Көліктегі полиция департаменті осы факті бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.