Алматы облысында дәліз құдығына түсіп кеткен балалар құтқарылды

8 Желтоқсан 2024 2024, 20:08
 ТЖМ 8 Желтоқсан 2024 2024, 20:08
8 Желтоқсан 2024 2024, 20:08
771
Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында ерекше құтқару операциясы өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, жеке тұрғын үйдің аумағында бір жасар бала терендігі екі метр дәліз құдығына түсіп кеткен.

Оны көрген сегіз жасар әпкесі көмекке асықты. Ол құдыққа түсіп, қайта шыға алмаған. Ата-анасы құтқарушылардан көмек сұраған. ТЖМ қызмкерлері шақырту орнына жедел жетіп, құтқару арқанының көмегімен құдықтан балаларды құтқарды, - делінген мәліметте.

Балалар зардап шеккен жоқ.

Наверх