Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Кербұлақ ауданында 31 жылқыны жайылып жүрген жерінен айдап алып кеткен күдікті ұсталды.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінне хабарлағандай, Көксу ауылының тұрғыны тамыздың 16 күні Сарыбұлақ ауылына жақын маңда жайылып жатқан 34 бас жылқыны еншілемекші болған. Алайда ол тек 31 асылтұқымды жануарды қолды қылған.«19 тамызда жергілікті полицей қызметкерлері Көксу өзенінің бойындағы аспалы көпірдің жанында күдіктіні ұстады. Тексеру барысында үрының осы уақытқа дейін мал ұрлау дерегі бойынша сотталғаны белгілі болды. 25 жастағы ер адамның өңірдегі осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бары тексерілуде» - делінген хабарламада.
Жоғалған жылқылардың 30 жастағы иесі, 20 тамыз күні Кербұлақ аудандық полициясына жүгінген. Тәртіп сақшылары сол күні малдарды иесіне бірден қайтарды. Өз ісінің маманы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген полицейлерге зардап шегуші үлкен алғысын білдірді.
Ал күдікті уақытша қамау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта мал ұрлау дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.