Алматы облысында балаларды таситын микроавтобус батпаққа батып кетті

13 Маусым 2024, 11:24
635
Бөлісу:
Алматы облысында балаларды таситын микроавтобус батпаққа батып кетті
Фото: konaev_info

Қонаев қаласында балабақшаның микроавтобусы 15 баламен шұңқырға батып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға таңғы сағат 8.00-де 10 ықшамаудан Центральная көшесінде болды. Жолда балшық пен шұңқыр пайда болуына оған кәріз құбырының жарылуы себеп болған.

Алматы облысында балаларды таситын микроавтобус батпаққа батып кетті

Кәріз құбыры түнде жарылды. Қазіргі уақытта, жұмысшылар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құбырдың неден жарылғаны әзірге белгісіз. Басқа ешқандай ақпарат бере алмаймын. Жұмысшылар жұмысты аяқтап болғаннан соң, маған келіп баяндайды, - деді Мәди Қырықбайұлы.

Қазір балалар аман-есен балабақшаға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Батпаққа батқан көлік шығарылған.

Алматы облысында балаларды таситын микроавтобус батпаққа батып кетті

Тұрғындар оқыс оқиғанының орын алу әбден мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұл жерде тағы бір мәселе туындайды. Біріншісі – жол. Жолда асфальт жабындысы болса, қанша су басқанымен де мұндай батпаққа айналмас еді. Жарайды, ол бөлек әңгіме. Екіншісі – кәріз. Айдың күннің аманында құбырдың жарылуы оның тозығы жеткенін білдірмейді ме? Оны кейінірек Мәди Қырықбайұлына жұмысшылары «есеп» берген кезде сұраймыз!, - дейді тұрғындар.

Аталған жағдайға байланысты Қонаев қаласының әкімдігі жауап берді.

Қонаев қаласында 80% су желісі тозығы жеткен. №8 шағын аудан, Центральная көшесінде апаттық жағдай орын алды. Қазіргі таңда оқиға орнында 6 адам, 1 техника жұмыс істеп жатыр. Бригада уақытылы барды. Сондай-ақ 8-10 шағын ауданда жол күрделі жөндеуден өтіп жатқанын айта кетейік. Ал кәріз жүйелерінің ауыстырылуы инвестиция және бюджет есебінен жүріп жатыр, - дейді Қонаев қаласының әкімдігі.

Бұған дейін Қонаевта қаласында қоқыс полигоны өртеніп жатқаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы