Астана, baq.kz. Алматы облысының Талғар ауданында автосалон өртенді. Бұл туралы Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Қызыл жалын көлік сатылатын нысанға жапсарлас салынған жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын металл қоймасында тұтанған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 15 көлікті алып шығып үлгерді.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Түнгі бірлер шамасында басталған өрт таңғы 5-те толық ауыздықталды. Бұл іске Алматы облыстық және қалалық төтенше жағдайлар қызметінің 38 маманы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.