17–19 қазан аралығында Алматы облысында орналасқан "Almaty Horse & Polo Club" базасында атпен мәнерлеп жүру (выездка) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Чемпионат үш күнге созылып, бірнеше санат бойынша ұйымдастырылады:
- Балалар
- Жасөспірімдер
- Юниорлар
- Жас жылқылар
- Ересектер
Бағдарламаға FEI сынақтары енгізілген.
Елдің ең мықты шабандоздары чемпионат аясында шеберлігін паш етіп, көрермендерге әсемдік пен сымбаттың, үйлесім мен талғамның әсерін сыйлайды.
Сайт: https://kazequestrian.kz/kk/
Инстаграм: https://www.instagram.com/equestrian_kz/#