Алматы облысында алапат өртке байланысты республикалық тасжол жабылды

"ҚазАвтоЖол" Алматы облысында алапат өртке байланысты республикалық тасжол жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ ресми телеграм каналы 16 Қыркүйек 2025 2025, 00:27
16 Қыркүйек 2025 2025, 00:27
913
Фото: ТЖМ ресми телеграм каналы

"ҚазАвтоЖол" Алматы облысында алапат өртке байланысты республикалық тасжол жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания мәліметінше, 15 қыркүйек сағат 22:30-да Алматы облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 29-38 шақырымында (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Шектеудің себебі – жол бойындағы полигон аумағында шыққан өрт салдарынан түтіннің таралуы және көріну қашықтығының нашарлауы.

Жолды ашу уақыты: 2025 жылғы 16 қыркүйек, сағат 07:00, – деп жазылған хабарламада.

Наверх