Алматы облысында 9-сынып оқушысы өрт шыққан үйден екі адамды құтқарып қалды

5 Маусым 2024, 11:49
284
Бөлісу:
Алматы облысында 9-сынып оқушысы өрт шыққан үйден екі адамды құтқарып қалды
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқушы 63 жастағы қарт кісі мен 12 жастағы немересін отқа оранған үйден алып шығып, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ерлік жасаған бала – Боралдай кенті, №39 гимназияның 9-сынып оқушысы Қамитбек Ихсан. Ол досының үйіне келе жатып, сол маңдағы үйдің өртенгенін көріп, жедел әрекетке көшкен.

4 маусым күні Боралдай кентіндегі үйлердің бірінен өрт шыққан. Ихсан ойланбастан өрт шыққан үйге жүгіріп кіріп, өрт күйшеймей тұрғанда 63 жастағы қарт кісі мен 12 жастағы немересін отқа оранған үйден алып шығып, өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жау толығымен сөндірілді. Баланың бұл ерлігі ештеңемен өлшенбейді, осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасына және ұстаздарына мың алғыс! Ихсан – бүгінгі күннің батыры, - дейді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы