Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында 7-сынып оқушысына азғындық жасаған 7 жасөспірім анықталды

16 Қазан 2025, 12:03
972
Бөлісу:
 Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ  - архив
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Полицейлер Алматы облысының Қарғалы ауылында жетінші сынып оқушысына азғындық жасады деген жеті күдіктіні анықтады. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күдіктілердің 7-уі де кәмелетке толмағандар болып шықты.

Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл және психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері дүйсенбіден бастап сол жерде жұмыс істеуде, – деп жазды Динара Закиева.

Тергеу жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданының Карғалы ауылында 7-сынып оқушысын зорлау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарладық.

Өзгелердің жаңалығы