11 айдың ішінде 4 551 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы кезеңде өңірде 73 545 шетел азаматы тіркеліп, 2 639 виза берілді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9 653 адам жауапқа тартылды, олардың 6 803-і – шетел азаматтары, ал 2 830-ы – Қазақстан азаматтары.
Ел аумағынан 389 шетелдік шығарылып, 8 301 адамға айыппұл салынды, ал 489 адам әкімшілік тәртіппен қамауға алынды. Көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 23 қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Алматы облысы ПД КҚҚБ бастығы Рүстем Жарықбасов.
Көші-қон заңнамасын бұзумен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Анықталған тәртіп бұзушылардың 80%-дан астамы – шетел азаматтары. Көші-қон қызметі шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың алдын алу үшін жұмыс берушілермен және жергілікті тұрғындармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Сонымен қатар 11 айдың ішінде 4 551 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Бұл көрсеткіш елге тұрақты мекен ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, – деп қосты Р. Жарықбасов.
Полицияның мәліметінше, шетел азаматтарының көпшілігі еңбек қызметімен айналысу мақсатында ҚР аумағына кіреді. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, осыған байланысты тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.