Алматы облысында 3 жасар бала кәрізге құлап, қаза болды

14 Қыркүйек 2023, 09:30
1182
Бөлісу:
Алматы облысында 3 жасар бала кәрізге құлап, қаза болды
Фото: Артём Чурсинов - архив

13 қыркүйек күні сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақша аумағында үш жасар баланың қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деді өңірдің ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Аталған дерек ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысын мен жеке бақылауыма алдым. ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы