Алматы облысында 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Талғар ауданында Таусамалы таулы аймағында құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасқан 1 ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздестірді, - делінген ведомство ақпаратында.
Қабылданған шаралар арқылы Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Демалушылар медициналық көмек мұқтаж еместігі айтылды.