Алматы облысында 20 жастағы жігіт 9 келі есірткімен ұсталды

16 Желтоқсан 2022, 18:33
1372
Бөлісу:
Алматы облысында 20 жастағы жігіт 9 келі есірткімен ұсталды

Алматы облысында 20 жастағы жігіттен 9 келі мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13 желтоқсанда «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ өткізу кезінде облыстық ПД ЕҚҚІҚБ және Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері автокөлікті тоқтатқан. 

Одан әрі тексеру барысында автомобильдің салонынан қара полиэтилен пакетке салынған ұнтақ құрамы бар скотчпен оралған орамалар табылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді. Іс бойынша Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны күдікті болып танылды, ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде табылған зат жалпы салмағы 9 келіден асатын мефедрон екендігі анықталды, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Қазіргі уақытта қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Деректі облыстық департамент өз бақылауына алды. 

Өзгелердің жаңалығы