Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға дейін өңірдегі 114 мың га суармалы жер қалпына келтіріледі. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымыбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімін 35% арттыру көзделіп отыр. Нәтижесінде 600 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Брифингте тәтті түбір мәселесі де айтылды. Биыл 200 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта суармалы жерлер мен каналдардың көлемін арттыру жоспарлануда.
Биыл 10-15 мың га қант қызылшасын көбейту жоспарлануда. Қос зауыттың қуаттылығын 800 мыңға жеткізу көзделген. Ал, 2025 жылға дейін қызылшадан 500 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Ол үшін облыстағы шаруаларды қолдап, көмек беру керек. Сондай-ақ, Ақсу, Көксу қант зауыттарын толық қуатына жеткізу қажет. Сонда аймақта қант тапшылығы болмайды - деп атап өтті өңір басшысы.