Алматы облысында 105 малды ұрлаған Өзбекстан азаматы ұсталды

31 Қазан 2022, 14:00
2597
Бөлісу:
Алматы облысында 105 малды ұрлаған Өзбекстан азаматы ұсталды

Алматы облысында 105 малды ұрлаған күдікті ұсталды. Ол 78 малды сатып үлгерген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 қазанда Жамбыл ауданы полициясының кезекші бөліміне Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны арызданып, 22 қазан күні түнде жайылымнан 105 бас қойы ұрланғанын айтты.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған шаруа қожалықта малшы болып жұмыс істеген Өзбекстан азаматы күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Күдікті сеніп тапсырылған 80 бас малды жүк көліктерін жалдап, көршілес Жамбыл облысының Шу қаласындағы мал базарында 78 басын 3 276 000 теңгеге саудалағаны белгілі болды. Сонымен қатар ұрланған 25 бас қой табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат бұлтартпас дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады,- деді Жамбыл аудандық ПБ бастығы Асхат Данияр.

Табылған мал заңды иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы