Алматы облысында 100 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

21 Ақпан 2024, 01:21
571
Бөлісу:
Алматы облысында 100 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Іле ауданы ПБ қызметкерлерімен бірлесіп Қосөзен ауылының аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын заңсыз дайындау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Арнайы операция кезінде 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, УҰИ-ға қамаққа алынды. Тұрғын үй-жайларын тінту нәтижесінде ақ түсті, ерекше иісі бар ұнтақ заты бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 3 келі 840 грамм болатын мефедрон есірткі құралы болып шықты. Осылайша, полицейлер қара нарықта құны шамамен 100 миллион теңге болатын есірткінің 1500 бір реттік дозасын таратуға жол бермеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар қырық дана шыны ыдыс, химиялық сұйықтығы бар жеті канистр және есірткі дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы