Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында ҚР Ата заң күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кубогы үшін ат спорты түрлерінен сайыс өтті.
Жарыс бағдарламасында: 25 шақырымға – аламан бәйге, 16 шақырымға – топ бәйге, 9 шақырымға – жорға жарысы, 11 шақырымға – құнан бәйге және 5 шақырымға тай жарысы өткізілді.
Сонымен қатар теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату және аударыспақ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер болды.
Бәйгенің барлық түріне жүлдеге автокөліктер мен ақшалай сыйлықтар берілді.
Осымен 21-ші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші мемлекеттерден жалпы саны 200-ге жуық сүйгүлік қатысты.
Сонымен, 48 сәйгүлік сынға түскен 25 шақырымдық аламан бәйгеде:
1-орын – Алматы облысы Қарасай ауданынан келген «Үшқоңыр» есімді қарагер бестіге бұйырды. Шабандозы –Сабыржан Байғұрман, ат иесі – Әлинұр Назарбаев, бапкері – Мұрат Досбергенов ("УАЗ Патриот" автокөлігі).
2-орын – Қырғызстан мемлекетінен келген үш жастағы «Зара» есімді жүйрік иеленді. Шабандозы – Олжас Абдыхамит, ат иесі – Тұрсыналы Мамбетайтов, бапкері – Керім Өмірәлиев ("Нива" автокөлігі).
3 орын - Алматы қаласының «Қаракөз» атты үш жасар сәйгүлігі иеленді. Шабандозы – Талғатұлы Бекзат, ат иесі де, бапкері де – Денис Власов ("Лада Гранта" автокөлігі).
9 шақырымдық жорға жарысында:
1-орын – Қырғызстан Республикасының атынан қатысқан "Қабылан" атты жорға. ("Лада гранта" автокөлігі)
2-орын – Атырау облысының "Асуар" атты жорғасы. (150 мың теңге)
3-орын – Қырғызстан Республикасынан топқа түскен "Лепучий" атты жорға. (120 мың теңге)
11 шақырымға созылған бәйгеде 50 құнанан:
1-орын – Алматы облысы Қарасай ауданының «Қарлығаш» атты жүйрігі. Шабандозы – Сабыржан Байқұрман, иесі – Әлинұр Назарбаев, бапкері – Мұрат Досбергенов ("Лада Гранта" автокөлігі)
2-орын - Жамбыл облысынан келген «Әлқисса» атты құнан. Шабандозы – Әкім Қожақ, иесі – Диас Мырзахан, бапкері – Бағдат Шымырбаев. (150 мың теңге)
3-орын – Алматы қаласынан келген «Мұзбалақ» есімді жүйрік. Шабандозы – Бақыт Сәдуақас, иесі – Әділбек, бапкері – Әділет Ноқатай. (120 мың теңге)
50 тай қатысқан 5 шақырымдық тай бәйгеде:
1-орын – Жамбыл облысынан келген «Шөнгер» атты тай. Шабандозы – Нұрсұлтан Ілебай, иесі - Жәнібек Әлібеков, бапкері – Мұрат Сүлейменов. (200 мың теңге)
2-орын – Алматы облысы Талғар ауданының «Кәусар» атты тай. Шабандозы – Сметай Нұрболат, иесі – Мерхат Бұлғынов, бапкері – Нұржігіт Табылдиев. (150 мың теңге)
3-орын – Қырғызстан Республикасынан келген "Береке" атты тай. "Асанбек ата" ат шаруашылығына тиесілі. (70 мың теңге).
16 шақырымға созылған топ бәйгеде:
1-орынды – Алакөл ауданының атынан топқа қосылған "Шымбұлақ" атты сәйгүлік иеленді. ("Нива" автокөлігі)
2-ші орын – Талғар ауданының "Ғасыр" атты жүйрігіне бұйырды. ("Лада Гранта" автокөлігі)
3-ші орын – Қарасай ауданының жүйрігі "Дон Франческо" атты тұлпары. (150 000 теңге)