Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысы өңдеу өнеркәсібінің орталығына айналып келеді

Жансая ҚАМБАР
27 Қараша 2025, 12:40
279
Бөлісу:
 ОКҚ
Фото: ОКҚ

Өңірде өнеркәсіп өндірісі 2,1 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі 108,7% өсім көрсетіп, оның 90%-ы өңдеу секторында қалыптасқан.

Марат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, биылғы 10 айда өнеркәсіп көлемі 2,1 трлн теңгеге жетті. Облыс аграрлық аймақтан инновациялық технологиялар мен өңдеу өнеркәсібінің жетекші орталығына айнала бастаған.

Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі болып есептеледі. Сол себепті негізгі капиталға инвестиция тарту біздің басты басымдығымыздың біріне айналды, - деді өңір әкімі.

2022 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 614 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін өсті. Жыл соңына дейін 1,3 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Айта кетейік, іске қосылған ірі жобалардың ішінде “Focus Logistics” ірі логистикалық паркі (70 млрд теңге), “Алтын таға” бетон өнімдері зауыты (35 млрд теңге), “LC Waikiki” көтерме-сауда орталығы (30 млрд теңге), “Шин-лайн” балмұздақ фабрикасы (18 млрд теңге), “Қапшағай Бидай Өнімдері” дәнді және майлы дақылдарды терең өңдейтін агрокешені (12 млрд теңге), “КегенМясПром” ет комбинаты (3,5 млрд теңге).

Өзгелердің жаңалығы