Алматы облысы Кеген ауданында сел жүрді

24 Маусым 2022, 00:40
1816
Бөлісу:
Алматы облысы Кеген ауданында сел жүрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Кеген ауданында сел жүріп өтті. Бұл туралы аудан белсендісі Шерхан Молдабеков хабарлады.

Әзірге селден келген шығын туралы нақты мәлімет жоқ. Әлуметтік желіде тараған видеодан туристердің Көлсай көлінен Алматыға қайтар жолда бөгеліп қалғанын байқауға болады.

Синоптиктер Алматы облысында таулы аудандарында қатты жаңбыр жауатынын хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы