Алматы облысында індет жұқтырған адам Есік қаласының тұрғыны

11 Сәуір 2020, 23:39
2429
Бөлісу:
Алматы облысында індет жұқтырған адам Есік қаласының тұрғыны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сырқат жұқтырған қыз бала 1991 жылы туған, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының тұрғыны. Ол Еңбекшіқазақ ауданының орталық аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Байланыста болған адамдары анықталуда. Анықтала салысымен олар карантинге алынады - делінген хабарламада.

Атап өтсек,  2020 жылдың 11 сəуірі күнгі сағат 23.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-мен ауырған 11 оқиға тіркелген. 1 адам жазылып шықты.

Өзгелердің жаңалығы